Мемлекеттік рәміздер күніне орай «дөңгелек үстел» өтті

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 4-маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынға университеттің тәрбие саласы бойынша мамандары; қатысып, рәміздер тарихы туралы баяндама оқылды. Бұдан кейін елдік нышандарымызды құрметтеу, заңмен қорғау туралы пікірталас болды.

— Көк байрағымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалатын сәттің бірі — спорттық жарыстар екенін білесіздер. Университетімізде байрақты бәсекелерде елімізді шетелдерге танытып, рәміздерімізді асқақтатып жүрген жастар жеткілікті. Олар республика, әлем чемпиондары. Әсіресе, қолкүрестен спортшыларымыз үнемі алда. Жастарымыз олимпиада кезінде қуаныштан көзіне жас алып жатады. Бұл «мен чемпион болдым» дегеннен емес, «елімнің намысын қорғадым» деген толқулы сәттің сезімі, —дейді «Тұран» спорт клубының жетекшісі Ержан Балабаев.

Психологтар мерекені жастар бойына ең қымбатты, ең қуанышты күн ретінде сезінуді қалыптастыру үшін психологиялық ойындар арқылы, рәміздерді қорғау заңдылықтары мен талаптарын сақтай отырып қызықтыруға болатынын жеткізді. Ал, жастар өз кезегінде бүгінгі кездесудің маңызы зор болғанын айтып, туған ел тақырыбында шығарған өлеңдерін оқыды.

Фото Береке Сейітжаппар