ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бүгін — мемлекеттік рәміздер күні!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ қызметкерлері жұмыс күнін ҚР Әнұранын шырқаумен бастады. Университет фойэсінде арнайы салтанатты жиын өтіп, лэд-экраннан рәміздер жайлы көрсетілім назарға ұсынылды.

Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева ұжымды мерекемен құттықтап, тәуелсіздік нышандарын құрметтеп, жас ұрпақ бойына патриоттық сезімді ұялатуға шақырды.

— Жер шарында тәуелсіздігі жоқ қаншама ел бар. Біздің ең басты бақытымыз — бейбіт және еркін елде өмір сүруіміз. Сондықтан атаулы мерекені жыл сайын бүкіл ұжыммен Әнұранды шырқаумен бастап, дәстүрге айналдырсақ, - деді Гүлжан Дәулетбекқызы.

Жиын соңында мемлекеттік нышандар туралы деректер айтылып, өлең оқылды.