ДІНТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Білім-қазына» қоғамдық қорымен өзара келісім меморандумына қол қойылды. Университет Басқарма-төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мен қоғамдық қор президенті Сайд-Мұхаммед Абдунайм келісім құжаты негізінде алда атқарылар ортақ мақсат пен міндеттерді нақтылады.
Меморандум мақсаты кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ осы салада өзара қызығушылыққа сәйкес ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады. Оқу орнында тарих-дінтану мұғалімін даярлау бағыты бойынша мамандар мен қажетті кітаптар тапшылығы байқалады. Осыған байланысты аталған қор тарапынан сарапшылар лекция-семинарлар өткізіп, көптеген бірлескен шараларды бірге ұйымдастырмақ.
Ресми келісімнен кейін Сайд-Мұхаммед Абдунайм оқытушылар мен студенттерге арнайы дәріс оқыды.