Хабарландыру

«Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Шымкент қаласы,  Әл-Фараби ауданы, 160012, А.Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды:

Қызметтің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне қоғамдағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.

Қызметтің негізгі міндеттері:

  1. ішкі бақылау жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  2. тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  3. алаяқтық жасау тәуекелін және қоғамдағы алаяқтық тәуекелін басқарудың тиімділігін бағалау;
  4. қоғамда корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  5. бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау;
  6. Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, қоғамның ішкі нормативтік құжаттары талаптарының орындалуын бағалау;
  7. қоғам ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін және қоғам активтерінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін (тәсілдерін) бағалау;
  8. ЕТҰ ішкі аудит қызметін, тексеру комиссияларын әдіснамалық қамтамасыз ету.

Қызмет басшысында болуы керек:

1) Қоғам қызметінің салалық бағыттарына сәйкес экономика және қаржы, және/немесе Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық және/немесе заң саласындағы жоғары кәсіптік білім;

2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы және/немесе ақпараттық технологиялар саласындағы және/немесе қоғамның салалық ерекшелігіне сәйкес келетін техникалық саладағы және/немесе заң саласындағы жұмыс тәжірибесі-кемінде үш жыл;

3) Әдеп кодексін және стандарттарды білу және оларды қолдана білу;

4)Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білімі.

Сондай-ақ аудит және/немесе есеп және қаржы менеджменті және/немесе КТ-технологиялар саласында сертификаттың және/немесе біліктіліктің болуы, мемлекеттік және шет тілдерін білуі жөн.

Қызмет басшысын тағайындауды Директорлар кеңесі конкурстық іріктеу және тестілеуді (немесе әңгімелесуді) өткізу негізінде және/немесе Директорлар Кеңесі төрағасының қатысуымен жүзеге асырады.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) арнайы үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының арнайы үлгідегі қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу ic-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсететін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 230 кабинет (Казпочта арқылы), сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін,  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!