«Таза сессия» штабы жұмыс жүргізуде

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 2023-2024 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес 6-мамырдан бастап 1, 2, 3 курс білім алушыларының көктемгі сессия емтихандары өтуде.

Білім алушылардың тесттік емтихандары «Д» ғимаратындағы 110 дана компьютер және видеобақылау камераларымен толық жабдықталған екі аудиторияда өтуде. Тест орталығында күніне 1100-дей білім алушыға тест тапсыруға мүмкіндік жасалынған.

Емтихандардың талапқа сай өтуін бақылауға кафедра профессор-оқытушылар құрамынан комиссия мен кезекшілер бекітіліп, «Таза сессия» штабы жұмыс жүргізуде.