ӘСКЕРИ КАФЕДРА АШЫЛДЫ

 

Шымкентте Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан Әскери кафедра ашылды. Әскери кафедраның негiзгi мiндеті – ҚР Қарулы Күштерiнiң әскери оқытылған резервiн даярлауда және толықтыруда стратегиялық мiндеттердi орындау.

Мереке қарсаңында өткізілген салтанатты жиынға университет басшылары, оқытушы профессорлар, студенттер қатысты. Жиын барысында студенттер арнайы әскери оқу-жаттығу барысын көрсетіп, кафедраның материалдық базасымен таныстырды.

Әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Қарулы Күштері құрамында кафедра дайындап жатқан әскери-есептік мамандықтарға сай әскер түрлерінде, тиісті лауазымдарда қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлерден жасақталған.

Әскери-есептік мамандықтарды даярлаудағы арнайы пәндер бойынша бөлмелер көрнекі құралдармен, қару-жарақ үлгілерімен, макеттермен және әдістемелік нұсқаулармен жабдықталған. Жауынгерлік оқу-жаттығу тактикаларын жүргізетін қалашықтар, тактикалық алаң, инженерлік қалашық, РХБ қорғау қалашығы, атыс даярлығы қалашықтары жасалған.

Айта кетейік, оқытушылар құрамы әр үш жылда біліктілік курсынан өтіп тұрады.