НАЗАРБАЕВ ЗЕРТТЕУ МЕКТЕБІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері университет қабырғасында алған білімдерін енді химия-биология бағытындағы Назарбаев зерттеу мектебінде тәжірибеге асырып, еңбек нарығына даярланбақ. Ал, университеттің халықаралық, республикалық, басқа да деңгейдегі ғылыми зерттеу жобаларына НЗМ ХБ мамандарын да жұмылдыру арқылы коллаборация жасалып, оқытушылар оларға зерттеу тәжірибесімен бөлісетін болады.
Бұл туралы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева НЗМ ХБ директоры Балқан Қасымовты қабылдау кезінде айтылып, келісімшарт жасаудың негіздері талқыланды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әріптестік қатынас алдағы уақытта академиялық және ғылыми-зерттеу бағытында өрбімек. Келісімшарт аясында студенттердің педагогикалық практикасын оқу жылы бойына өткізу жоспарлануда. Ал, университет мамандары НЗМ ХБ мұғалімдеріне ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты дәрістер өткізбек.