Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына 135 жыл толуына арналған «дөңгелек үстел» өтті

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің кітапханасында жазушы, ағартушы-педагог Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына 135 жыл толуына арналған «дөңгелек үстел» өтті. Филология факультетінің белсенді оқырмандарымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шарада алаш қайраткерінің алғашқы өлеңдері жатқа оқылып, шығармаларына талдау жасалынды.

Кітапхана басшысының орынбасары Роза Сәтқызы қайраткер қаламгер туралы ғылыми- публицистикалық еңбектерден құралған «Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы» библиографиялық көрсеткішке шолу жасап, кітап көрмесі қойылды.