СТУДЕНТТЕРІМІЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері өнер, білім, спорт сайыстарында үнемі топ жарып келеді.

Жақында педагогикалық мамандық студенттері арасындағы жаратылыстану пәндері бойынша ІІІ Халықаралық олимпиада өтті.

Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған білім сайысын Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырды. Олимпиадада жаратылыстану факультеті, география кафедрасының оқытушысы Г.Әлімбекованың А.Асан, И.Балтабаева, А.Садыбай командалық сайыста ІІ дәрежелі жүлдемен марапатталды! Сонымен қатар, ІІІ Халықаралық олимпиаданың “География” білім беру бағдарламасы бойынша И.Балтабаева жекелей сында ІІ дәрежелі жүлдемен марапатталды!

Халықаралық білім сайысының жеңімпаздарын университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, құттықтады.