ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бүгін AICTC-2024 халықаралық конференциясы басталды.
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-ші халықаралық конференцияның» өтуіне «Спринджер» халықаралық ғылыми басылымдар ұйымы мұрындық болды.
Жиынды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мен «Спринджердің» Лондондағы жауапты редакторы Анинда Боуз құттықтау сөзбен ашты. Назарбаев университетінің профессоры Др. Прашант Джамуал, Чехияның Білім және әлеуметтік ғылымдар институты өкілі Томас Чек, «GR Scholastic» ұйымының және Үндістанның Сауда-өнеркәсіптік білім палатасының директоры Др. Амит Джоши “Мектептегі әлеуметтік педагогтың рөлі”, “Кәсіпкерлікті дамыту үшін пән аралық байланыс құру мақсатындағы білім беру технологияларының синергиясы” тақырыптарында баяндама оқыды.
Зерттеушілер бұл еңбектерінде физикалық мүмкіндігі шектеулі жандар өмірін жаңа технология жетісітіктері арқылы жеңілдету, сондай-ақ, білім беру саласында ақпаратты технологияны қолдану туралы тұжырым жасады.
Бұдан кейін шетелдік қонақтарға арнайы кәдесыйлар табысталып, университеттің «Домбыра» үйірмесіне қатысушы өнерпаздардың орындауында қазақ күйін тыңдады.
Түстен кейін қатысушылар секциялық мәжілісте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбековтің модераторлығымен секциялық мәжілісте ғылыми зерттеулерді талқылап, ой-пікір алмасты.
Халықаралық конференция екі күнге жалғасады.