ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНБАҢЫЗ!

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде “ЗАМАНАУИ  ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ” тақырыбында  іс-шара өтті. 

Жиында  Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Талғат Жанәділов Шымкент қаласы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, ПОҚ құрамы мен білім алушы жастарға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Университеттің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев жүргізген  шарада  арнайы бейнеролик көрсетілді. 

—Көп жағдайда телефон алаяқтары азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп шоттарына ақша аударуға сендіреді, бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жатады, —дейді Талғат Жанәділов.  

Бүгінгі күннің  өзекті мәселелерінің бiрi "Ғаламтордағы алаяқтық" тақырыбындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын  таппақ.