ZHANIBEKOV UNIVERSITY «ҰЛТТЫҚ СЕЗІМ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ФЛЕШМОБЫН ҚОЛДАЙДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті еліміздегі «Ұлттық сезім» жалпыұлттық флешмобы аясында «Оңтүстік» телеарнасы жолдаған челленджді қабыл ала отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ-ға, Қазақ ұлттық ҚызПУ-ға, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетіне жолдайды.

Жалпыұлттық флешмоб аясында ОҚПУ ұжымы мен студенттері Наурыз мерекесіне дейін әр аптаның жұма күні оқу орнына ұлттық киіммен келу бастамасын қолға алды.