ПРАКТИКАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да психологиялық-педагогикалық практикалық жұмыс-жоспарына сәйкес екі апталық практиканың қорытындысы тыңдалды.

«Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау» БББ, 2-курс 1404-12 оқу тобының студенттері іс-тәжірибеден өту кезінде білім беру ұжымдарының міндеттері және негізгі бағыттарымен танысты. Сондай-ақ, сынып сағаттарына қатысу және ұйымдастыруға, бөлінген сыныпқа «Социометрия» әдісімен зерттеу жүргізу, оның нәтижесін оқушылармен «Ұйымдастыру әдісін» (Шаттық шеңбері) қолдану сияқты т.б. психологиялық тапсырмаларды орындау кезіндегі әсерлерін бөлісті. Студенттер тәжірибесін арнайы комиссия мүшелері қорытындылап, бағалады. Білім алушылар мектеп оқушыларымен зерттеген жұмыстарын қорғады.