ОН САУСАҒЫ МАЙЫСҚАН...

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Өнер және білім факультеті «Тұмар» ғимаратында орналасқан. «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» БББ-ның 1404-11 оқу тобына «Тігін бұйымдарының технологиясы» пәнінен студенттерге өндірістік тігін машинасында жұмыс жасауды үйретеді.

Шеберханада 8 өндірістік тігін машинасы орналасқан, сабақ барысы 15 қызға өтіледі. Оның ішінде 8 қыз тігін машинасында жұмыс істесе, қалған қыздар тігілген заттарды бумен өңдеу жұмыстарын атқарады. Аға оқытушы — Шолпан Битемірова.