2-КУРС МАГИСТРАНТТАРЫНА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА БАСТАЛДЫ

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес 2-курс магистранттары ғылыми тағылымдамаға жіберілді! Тағылымдама Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Гази университеті, Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Низами университеті және өз еліміздің бірнеше университеттер мен мемлекеттік мекемелер арасында ынтымақтастық келісімшарты арқылы жүзеге асып жатыр.