ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ол тәрбиеленіп жүрген ортаның әсері мол. Ал, тәрбие жұмысы қоғамдық және мәдени өмірмен тығыз байланысты. Осы орайда студенттердің қоғамдық іс-шараларға араласуы мен белсенділігі енді iGPA әлеуметтік интегралды баллмен бағаланады.

Бұл туралы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен арнайы жиында айтылды. Жиынға барлық тәрбие құрылымдарының басшылары, қызметкерлері, барлық факультет декандары, топ тәлімгерлері қатысты. Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бекдәулет Тасболат жаңа бағалау жүйесі туралы жан-жақты түсіндірді. Басқарма мүшесі — Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізген жиында сондай-ақ, тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаевтың алғашқы жартыжылдықта атқарған тәрбие жұмыстарының есебі тыңдалды.

Академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті арттыру жұмыстары туралы комплаенс-офицер Жансая Жандосова мәлімдесе, Жәнібековтану бағытындағы алдағы міндеттерді орталық басшысы Эльмира Оразбаева таныстырды.

Жиын соңында қатысушылардың ой-пікір, ұсыныстары тыңдалды. Баршагүл Қашқынқызы айтылған мәселелер бойынша орын алған кемшіліктерді жою, студенттермен бірлесе жұмыс істеу сияқты тапсырмаларды нақтылады.