МАТЕМАТИКА МАМАНДАРЫ СЕМИНАРДА БАСҚОСТЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде математик профессорлар Н. Иманбаев пен Ә. Сәрсенбінің (М. Әуезов атындағы ОҚУ) жетекшілігімен ғылыми семинар өтті. Семинар тақырыбы «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» деп аталды.

Математик мамандар бас қосқан жиында Эльмира Мүсірепова (Ph.D — ғылыми Математика мамандығы бойынша, М. Әуезов атындағы ОҚУ) «Инволюциясы бар толқын теңдеулері үшін аралас есептердің шешімділігі» тақырыбында баяндама жасады. ОАИУ-нен келген ф.-м.ғ.к. М. Бименов пен ф.-м.ғ.к., доцент А. Роговой және Ph.D Б. Сейілбеков (ОҚПУ), профессор Н.Иманбаев аталған тақырыпты өз пікірлерін бөлісе отырып талқылады.

Баяндамада классикалық Фурье әдісі арқылы айнымалыларды ажыратып, жәй 2-ші ретті инволюциялы дифференциалдық оператор үшін Дирихле, Нейман, периодтық, антипериодтық есептердің комплексті айнымалылы жағдайында меншікті мәндерінің еселігі есептелді. Сондай-ақ, сәйкес меншікті функциялар жүйесінің ортонормаланған базистілігі, сонан соң Рисс базисін құратындығы дәлелденген. Кері операторға сәйкес Грин функциясының айқын түрі жазылған, өзіне-өзі түйіндес емес оператордың айқын түрі келтірілген. Толқындық теңдеудің шешімділігі q(x) потенциалына байланысты анықталған.

Семинарға физика-математика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты А.Ибашова, математика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Г. Жетпісбаева, декан орынбасары А. Битемір, докторант А. Қаратаев, магистранттар мен дипломдық жұмыс жазып жатқан 4-ші курс студенттері, М. Әуезов атындағы ОҚУ ғылыми математика бағытындағы докторант А. Бейсебаевамен басқа да докторанттар қатысты.