- СҒЗЖ
-
Онлайн форматта "Жаңа қазақстан" атты конкурсқа "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 1301-11қ тобының студенттері, Л.А.Ақынованың жетекшілігімен қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жұмыс тақырыптары: Балалар арасында гиподинамияның алдын алу- орындаған Душабаева А., Балалардың дамуындағы қозғалыстың маңызы-орындаған Жеңісова Б., Оқушылардың дене сымбатын дұрыс қалыптастыру- орындаған Жумаділлаева А., Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру- орындаған Жетпісбаева Н., Сабақта оқушылар әрекетін жандандыру және жетілдіру- орындаған Дүйсенбай Г.
- "Ғылым жылы-2022" аясындағы студенттер үлесі
-
"Ғылым жылы-2022" аясында "Тұғыры биік ОҚМПУ" бейне конкурсына тарих және педагогика факультетінің бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері 85 жылдық мерей тойына арнау ретінде "Қазақ білімі", "Үздік мұғалім методикасы", "Тағлым", "Білім шыңы" "Мектеп", "Танымал тұлға", "Адами капитал", "Білімді ел" т.б. республикалық газет- журналдарында және "Болашақ", "Қазығұрт тынысы", "Нарық әлем", "Отырар алқабы" т.б. облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына 85 мақала жариялады.
-
2021 жылдың 4-қараша күні Тарих және педагогика факультетінде «Дарынды жас ғалым 2021» тақырыбында ғылыми-семинар өтті. Семинардың мақсаты факультетте даярланатын «7М01301– Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау», «7М01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау», «7М01601 Тарих педагогтерін даярлау» БББ бойынша білім алып жүрген магистранттар мен мектеп мұғалімдері бірлесе отырып мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, тәжірибе бөлісу. Семинар барысында магистранттар мен мектеп мұғалімдері оқушылармен бірлесе жасаған жұмыстарын көпшілікке таныстырып, ғылыми тәжірибе алмасты.
«7М01301– Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау» БББ магистранты М.А.Абилова «Бастауыш сыныпта ғылыми зерттеу жұмысын педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасады.
«7М01601 Тарих педагогтерін даярлау» БББ магистранты Исмаилова Жадыраның жетекшілігімен Күлтөбе негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Серикова Айзат «Өзбекәлі Жәнібеков ұлттық рухтың ұраншысы» тақырыбында ғылыми жұмысын таныстырды.
№128 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Султанованың жетекшілігімен «Люффаны – күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары» тақырыбында 3 «А» сынып оқушысы Құлахмет Әмірхан өзінің ғылыми жобасын таныстырды. Әмірхан өз қолымен люффа өсімдігін өсіріп, одан өмірге қажетті заттарды даярлағанын семинар қатысушыларына көрсетті.
Семинарға қатысушы мектеп оқушыларына «7М01901- Арнайы педагогика мамандарын даярлау» БББ магистранттары Ұ.Тұрымбет, М.Изова, Н.Ұласбек, Д Эргашевалар «Үй жануарлары мен төлдері» атты логоритмикалық жаттығулар жасатып сергіту сәтін ұйымдастырды.
Семинар соңында қатысушылар университетіміздің ректоры Г.Д.Сүгірбаеваның атынан берілген дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
ТАРИХҚА ТОЛЫ БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ
ИГІЛІКТІ ІСТІҢ НӘТИЖЕСІ
26 қарашада «Тарих және педагогика» факультетінің ғылыми әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай өткізілген «Тарихқа толы туған өлкем» атты республикалық онлайн олимпиадасының қорытындысы шығарылды.
Олимпиада да «Менің туған жерімнің тарихы», «Менің туған өлкемнің сұлу бейнесі», «Менің туған өлкем», «Мен өз елімді құрметтеймін» бағытында 70-тен астам шығармашылық жұмыстарды сарапшылар п.ғ.к., професссор С.С.Тілеуова, п.ғ.к., аға оқытушы З.Б.Куанышбаева және Шымкент қ. Әдістемелік орталығының маманы Ж.С.Коздигарина бағалау критерийлеріне сәйкес сараптама жасап, үздік шығармашылық жұмыстарды марапатқа ұсынды. Атап айтсақ, Нұр–Сұлтан қ. «№ 62 мектеп-лицейінің мұғалімі Алибаева Сандугаш Актайевна, Ақтау қ. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледждің мұғалімі Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна, Алматы облысы, Қаскелең қ. С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Кулдашев Нұрсұлтан Нұрғалиұлы, Павлодар облысы. Ақсу қ. Пограничник ауылы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Хирыхбай Тауба, Шымкент қ. №37 Фуркат атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Божбанова Балнұр Бекдилдақызы, Түркістан облысы, Кентау қ. №10 жалпы орта мектептің мұғалімі Маханова Ақерке Қойгелдіқызы, Түркістан облысы Төлеби ауданы 1-ші мамыр орта мектептің мұғалімі Қыдырбаева Ғалия Кісетайқызы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің мұғалімі Оспанова Гульнара Сабыровна, ШҚО, Бесқарағай ауданы, Қарабас ауылы Семеновка орта мектебінің мұғалімі Жапарова Нуржамал Елемесовна, ОҚМПУ-нің 2-курс магистранты Әлмахан Гүлмира Арыстанқызы, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4 курс студенті Мутал Сандуғаш Мансурқызы.
Университет ректоры Г.Д.Сүгірбаева олимпиада қатысушыларына және «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы З.Б.Куанышбаеваның бастамасымен өтілген іс-шараға өз ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен Марапаттарды табыстады. Барлық қатысушыларға білім саласындағы шығармашылық жұмыстарына табыс тілеп, Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Туған елге деген құрметіміздің арта беруіне және тәуелсіз Еліміздің жарқын істері жалғаса берсін деп, қатысушыларға алғысын білдірді.