ЕРЕКШЕ ЖАНДАР СТУДЕНТТЕРГЕ РУХ БЕРДІ

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Жетістікке жетудегі мотивация» тақырыбында ауқымды шара ұйымдастырылды.

Кездесуді университет Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева сөз сөйлеп ашып, жастарды алдағы өмір белестерінде тек биік рух қана қиындықтан құтқаратынын жеткізді. Ол үшін терең ізденіс, талмас қанат қажет екендігін естеріне салды.

Жастардың өмірге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыруға арналған шараға ерекше жандар қатысты. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, мотиватор, блогер Заретта Құрманғожина жетістікке қадам бүгіннен басталатынын өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып бөлісті. Басқа да қатысушылар студенттерді тағдырдың түрлі сынақтары тап келгенде сынып кетпеуге шақырды. Өнер көрсетіп, рухани шабыт сыйлады.

Кездесу соңында Гүлжан Дәулетбекқызы арнайы қонақтарға алғыс білдіріп, сый-сияпат тарту етті. Іс-шараны «Психологиялық қолдау» орталығы ұйымдастырды. Орталық басшысы, өз ісінің маманы Гүлнар Айтжанова мен маман-психолог Жандәулет Төлеген университет жатақханасы ғимаратында студенттерді қабылдап, психологиялық көмек көрсетуге даяр.