ЭЛЬМИРА ОРАЗБАЕВА — ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаеваның бұйрығымен оқу орнының қызметкері Эльмира Оразбаева Өзбекәлі Жәнібеков орталығының жетекшісі болып тағайындалды.

Орталық жетекшісі алдағы уақытта тұлғатану бағытында студенттерге тәрбие және насихат жұмыстарын жүргізбек. Нақтырақ айтқанда, орталықта ұлт жанашырының еңбектері туралы деректер жинап, деректі фильмдер қоры жасалмақ. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, білім алушылардың тұлғатану бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.

Өзбекәлітануда орталық атқарар ауқымды шара легі көп. Тұлғатануға арналған ұсыныс, ой-пікірлеріңіз болса, орталық жетекшісімен байланысуыңызды сұраймыз, құрметті оқырман!