ИНТЕРАКТИВТІ БЕЙНЕ СТУДИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бейнестудиясы интерактивті заманауи құрылғымен жабдықталды.

"Edsmart Premium LED Doska" интерактивті бейне жазу студиясы – бұл бейне және аудио жазуға, алынған материалды қорытынды бейнеөңдеуге, ақпараттық бейнепрезентациялар алуға арналған кешен. Сондай-ақ, ақпаратты техникалық құралдың көмегімен онлайн дәрістер мен веб - конференциялар өткізуге болады.

Интерактивті бейнестудия қашықтықтан оқыту және шығармашылық қызметті ұйымдастырудың ең заманауи және тиімді шешімдерінің бірі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің оқу үдерістерін цифрландыру жөніндегі талаптарына сәйкес келетін цифрлық технологиялар арқылы оқытушылар мен білім алушылардың өзара іс-қимылының өте құнды құралы. Енді университет оқытушылары дәрістерді жоғары технологиялық деңгейде өткізе алады.

— Бейнестудиядағы презентация — заманауи техникалық құралды қолдана отырып, көрнекі оқытудың оңтайлы әдісі болып табылады, - дейді оқу процесін цифрлық және әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің видео-монтажшы, видео-операторы Ернұр Нышан.