«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2023» республикалық байқауының университетішілік кезеңінің нәтижелері
2023 жылдың 1-10 қараша күндері аралығында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2023» байқауының университетішілік кезеңі өтті. Байқау нәтижелері:
Байқаудың І кезеңі бойынша апелляцияға беру мерзімі – 2023 жылдың 10-13 қарашасы.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес университет байқаудың ІІ кезеңіне өтетін қатысушылар санын 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен анықтайды. Бұл ретте ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушылардың және өтілі 15 жылдан асатын оқытушылардың арақатынасы ұсынылатын үміткерлердің жалпы санының үштен бірінен (1:3) кем болмауы тиіс.
№ |
Аты-жөні |
Дәрежесі, қызметі |
Кафедрасы |
Ғылыми-педагогикалық өтілі |
Эксперттік балы |
1 |
Уалиханова Баян Сапарбековна |
философия докторы (.ғ.) |
Физика |
13 жыл |
66 |
2 |
Сыздыкова Гаухар Майсуровна |
ф.ғ.к., доцент |
Қазақстан тариы және қоғамдық пәндер |
35 жыл |
55,5 |
3 |
Боранбаева Актолкын Раисбековна |
философия докторы |
Педагогика |
8 жыл |
53 |
4 |
Сманов Илескан |
п.ғ.д., профессор |
Психология |
42 жыл |
41 |
5 |
Ибрагимов Раскул |
п.ғ.д., доцент |
Математика |
49 жыл |
36 |
6 |
Успабаева Айгуль Аманкуловна |
б.ғ.к., доцент м.а. |
Биология |
27 жыл |
34 |
7 |
Бегдаулетова Карлыгаш Дуйсенбековна |
ф.ғ.к., доцент м.а. |
Қазақстан тариы және қоғамдық пәндер |
31 жыл |
32 |
8 |
Танабаева Гульмира Тулебаевна |
ф.ғ.к., аға оқытушы |
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
16 жыл |
25,5 |
9 |
Мамытбаева Жанат Абдиманаповна |
философия докторы (PhD) |
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
12 жыл |
24 |
10 |
Халикова Нурила Сатыбалдикызы |
ф.ғ.к. |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
17 жыл |
19 |
Байқаудың ІІ республикалық кезеңіне қатысу үшін үміткерлерлер келесі құжаттарды байқауға дайындайды:
1) «ЖОО Үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) үлгі бойынша сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) үлгіге сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) ЖЖОКБҰ алқалық басқару органының шешімі;
5) жұмыс орнынан куәландырылған кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) карточкалық базада қолданыстағы 20-таңбалық ағымды шоты туралы хабарлама.