КАДРЛАР ҚОРЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ

 

Өзбекәлі Жәнібеков орталығында Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева докторанттармен кездесті. Бейресми форматтағы жиын ғалымдардың пікір алмасуы мен еркін ой өрбітуіне жасалған мүмкіндік болды.

Қазіргі уақытта университетте 42 докторант білім алуда. Олар Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен арнайы тағылымдамадан өткен. Қазіргі таңда екі докторант диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін алды.

Докторантура бойынша жалпы 12 білім беру бағдарламасының 8 білім беру бағдарламасы Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінен (IQAA) мамандандырылған аккредиттеуден өткен. Болашақ Phd докторлар арасында шетелдік мамандар да бар. Соның бірі Үндістаннан келген Singh Chandan Pal информатика педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты.

— Бұған дейін білім алу мақсатында Сингапур, Қытайда болдым. Мұнда келу себебім, жалпы білім беру жүйесіндегі ерекшеліктермен терең танысып, ізденістің ортақ нәтижесін тәжірибеде жүзеге асыру, - дейді ол.

Тағылымды жиынды Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков ұйымдастырып, жүргізді. Докторанттарға білім беруді жүзеге асыру туралы түсінік берді.