РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 25 қазан Республика күніне арналған «Егемендік , елдік — ұлы мұрат» атты мерекелік концерт өтті.

«Қазақстан» мәжіліс залында ұйымдастырылған салтанатты шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы жолдаған құттықтау бейнеролигімен ашылды. Бұдан кейін ұстаздар қауымын университеттің Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева құттықтап, сөз сөйледі.

Айтулы мерекеде бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер университеттің «Құрметті профессоры» атағын иеленді. Сондай-ақ, елеулі еңбек етіп жүрген мамандар министрліктің төсбелгі, алғыс хаттарымен де марапатталды.

Республика күніне орай «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының алғыс хатын табыстау үшін Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Арай Есенбектің арнайы келуі де зор қошемет болды.

Ал, мерекелік шараның ең қуанышты жаңалығы — университеттің белсенді қызметкерлеріне арналған, Түркияның Гази университетіне жолдама болды. Бұл жолдама биыл университетте алғаш рет ұйымдастырылып, 7 талапкерге бұйырып отыр. Гүлжан Дәулетбекқызы жақсы іс алдағы уақытта да жалғасын табатынын мәлімдеді.

Салтанатты шара мәдениет бөлімінің басшысы Гүлсанат Әмірғалиеваның ұйымдастыруымен арнайы мерекелік концертке ұласты.