МӘРЗИЯ — «ЖАС ВОЛОНТЕР» ЖЕҢІМПАЗЫ!

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті филология факультетінің 2 курс студенті Мәрзия Шермұхаммед қалалық «Жас волонтер» жобасында арнайы грант ұтып алып, жеңімпаз атанды.

Шараны волонтер жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма ұйымдастырды. Үздік жобалар байқауына Мәрзия "Тазалайық" авторлық жобасымен қатысып, бір миллион теңге көлемінде қаржылай марапатқа ие болды.

Байқауға жалпы 5 бағыт бойынша 50 жоба ұсынылса, оның ішінде "Жас волонтер" жобасы бойынша жиырмаға жуық өтінім келіп түскен. Екінші кезеңге жолдама алған 10 волонтерлік жұмыстан оқ бойы озып шыққан 3 волонтерлік жоба жеңімпаз деп танылған.