БЕЛЕСБЕК АСҚАН БЕЛЕС БАР...

 

Университетіміздің денешынықтыру және спорт факультетінің екінші курс студенті Белесбек Сырымбек кикбоксинг спорт түрінен олжалы оралды. Ол Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен халықаралық турнирде жүлделі үшінші орын тұғырынан көрініп, еліміздің көк туын биікке көтерді.

Сырымбек спорттың бұл түрімен алты жасынан бастап айналысады. Былтыр жастар арасында әлем чемпионы атағын қорғаған мақтанышымыздың алдағы мақсаты — ересектер арасында сынға түсіп, бәсекелестеріне дес бермеу.

Бүгінде Сырымбектің бапкері — Республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы Жаңабай Әшірбеков. Жеңімпазымыз кикбоксинг техникасын шебер меңгеруімен ерекшеленеді екен.