PUTRA MALAYSIA УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Путра Малайзия университетінің ғалымы, информатика кафедрасының профессоры, PhD Роджия Бинти Атан (Rodziah Binti Atan) студенттерге дәріс оқиды. Бұл жоба ҚР ҒжЖБМ «Шетелдік ғалымдарды тарту» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарлама аясында оқытушыларға семинар-тренингтер мен бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады. Жоба 15 қазанға дейін жалғаспақ. 

Бүгін университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева профессор, PhD Роджия Бинти Атанмен (Rodziah Binti Atan) кездесу барысында екі жоғары оқу орнының ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастығын дамытудың маңызды бағыттарын атап өтті және ғалымға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Putra Malaysia Universiti (UPM) - Малайзияның Сери Кембанган қаласындағы жетекші мемлекеттік университеттердің бірі. Ол QS World University Rankings 2023 рейтингінде 123-ші орында.