ТӨРІМІЗДЕ — ТҮРКИЯЛЫҚТАР!

 

Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы бүгін Түркияның Гази университеті делегациясын қабылдады. Шетелдік қонақтар алдымен оқу орны ғимараты, жатақханамен кеңінен танысып, білім ұясы арқылы ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қанық болды. Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек шетелдік оқытушыларға оқу орнының бүгінгі жай-күйі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Қонақтар әсіресе, ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізге, ел тарихына аса қызығушылық танытты.

Қазір университеттің ресми қабылдау бөлмесінде 6В01703 -«Шетел тілі: екі шетел тілі» мұғалімін даярлау, 6В01502-Физика мұғалімін даярлау, білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру және білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқылануда.

«Академиялық ұтқырлықты дамытудың қазіргі тенденциялары» бойынша Гази университетінің тәжірибесі ұсынылмақ. Шетел университетінде академиялық ұтқырлық бойынша дәріс жүргізуге, тағылымдамадан өтуге ниетті оқытушылармен кездесу болады.

Халықаралық деңгейдегі кездесу тағы да екі күнге жалғасады. Ертең университет қонақтары бірнеше тақырыпта тәжірибелік конференцияға қатысып, сенбі күні Түркістан қаласына тағылымды саяхатқа шығады деп күтілуде.