ОҚУ ОРНЫМЫЗДА ТҮРІК ТІЛІН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 Қазақстан мен Түркия - тарихы, тілі және діні бір екі бауырлас ел ретінде түрлі салалар бойынша тығыз қарым-қатынасқа ие. Жоғары білім мен ғылым саласы бойынша Ахмет Ясауи Университетін бітірген 80 мыңнан аса түлек пен қазірге дейін Түркияда білім алған 7 мыңнан аса Қазақстан азаматы оның нақты дәлелі. 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 86 жылдық тарихы бар іргелі оқу орны. Қазіргі таңда, оқу ордамыз Гази және Анкара университеттерінің стратегиялық серіктесі болып табылады.

Бүгін тамыры мен түбі бір екі ел арасында орнаған байланысты дамыту мақсатында оқу орнымыздың базасында түрік тілі орталығы ашылды. Орталық TİKA ұйымының қолдауымен заманауи үлгіде жабдықталған. Сонымен қатар, аталған орталық оқу ордамызда ашылатын Гази университетінің филиалында білім алатын жастарға үлкен мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркі әлемінің нағыз жанашырлары – Түркия Республикасы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы координаторы Хусейн Хикмет Өзденоулу, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының Консулы Латипша Асанов сынды құрметті қонақтар мен университет Басқарма төрағасы-Ректор Гүлжан Сүгірбаева бастаған ұжым мүшелері қатысты.

Фото Береке Сейітжаппар