Бүгін Парламент палаталарының бірлескен сессиясының ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы жолдауын жариялады. Билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосқан алқалы жиында алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап, нақты тапсырмалар берді, жаңа міндеттер жүктеді.
Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева, оқу ордасының ұстаздары және студент жастары болашаққа бағдар түзетін жыл сайынғы дәстүрлі жолдауды бірге тыңдады.
Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты бұл жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Қоғамның барлық салаларына тоқталып, шұғыл шешілуі тиіс мақсат-міндеттерді айқындады.
Алдымен атқарылған жұмыстардың оң нәтижесімен бөлісіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін болашаққа жоспарланған бастамалармен таныстырды.
Фото Береке Сейітжаппар