ЖАҢА ЛОГОТИП

Университетіміздің тыныс-тіршілігі бүгінде айшықты өзгерістер мен жаңалықтарға толы. Оқу ордасының табалдырығын аттағалы отырған бірінші курс студенттерін қабылдауға қазір жан-жақты әзірлік жүріп жатыр. Оларға жатақханадан арнайы орындар әзірленуде.

Биылғы оқу жылындағы ең басты жаңалық, университет енді ұлт қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібеков есімімен аталады. Оқу ордасының ұжымы және барша жұртшылық бұл жаңалықты ерекше ықыласпен қабылдады. Осыған орай университет жаңа логотип әзірлеуге байқау жариялаған болатын. Оған студенттер, атақты суретшілер мен дизайнерлер өз жұмысын ұсынды.

Байқауға 60 логотип үлгісі жіберілді. Бүгін комиссия мүшелері алғашқы басқосуын өткізіп, креативті және үздік деген жобаларды іріктеп алды. Ең әдемі деп танылған логотип пен байқау жеңімпазының есімі жақын күндері белгілі болмақ.