«Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы шеңберіндегі ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша гранттар иегерлерінің тізімі жарияланды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.
Білім беру бағыты бойынша зерттеулер жүргізу үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына жіберілетін ғалымдардың қатарына Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлық құрамынан 5 адам енді.
Олардың ішінде Гания Орманова мен Эльмира Кожабекова – Түркияның Sakarya university-ге, Жанар Небесаева – Түркияның Akdeniz university-ге, Калия Киясова – Ұлы Британияның University of Warwick-ке, Айнаш Аширбаева – Польшаның Maria Grzegorzewska Academy of Special Pedagogy-ге жіберілетін болды.