Білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы жетекші халықаралық ұйым – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) қазақстандық жоғары оқу орындарының Top-20 тізімін жариялады. Еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бас рейтингісінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 9 орынға жайғасты.
ОҚМПУ қызметінің сапасын жан-жақты бағалаған сарапшылар, университеттің бакалавриат білім беру бағдарламаларының салалары бойынша институционалдық рейтинг көрсеткішін – 3 орынға, магистратура білім беру бағдарламалары бойынша – 2 орынға, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша рейтингін – 4 орынға лайық деп таныды.
Жоғары білім беруді мойындалған сапа стандарттарына жеткізуге лайықты үлес қосып жатқан әріптестерімді жемісті еңбегімен құттықтай отырып, ОҚМПУ-ді бәсекеге қабілетті оқу орны ретіндегі мәртебесін ілгерілетуге жұмыла жұмыс жүргіземіз деген сенімдемін.
ОҚМПУ ректоры Г.Д. Сүгірбаева