ОҚМПУ МЫҚТЫЛАРЫ ТАЙЛАНДТА ҚАЗАҚ ГИМНІН ШЫРҚАТТЫ

 

Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенттері Жанар Дегенбай мен Ерзат Орынбек Тайландта өткен джиу-джитсу жекпе-жегінен жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Жауынгерлік өнердің әлемдік додасында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері жүрегі түкті, рухы мықты шығып, Тайланд көгінде ұлттық Гимнді әуелетті.

Қазақтың ұлы мен қызы шаршы алаңның шаңын шығарып жекпе-жек өнері Ұлы далада ықылым заманнан бар екенін көрсетті. Қазақтың жүректі де білекті жұрт болып танылғанын әлемге әйгілеп, алыспақта да, жұлыспақта да рухы биік, қайратты ұлт екенін паш етті.

Мықтыларымызбен әрқашан мақтанамыз, оларға үкілі үмітімізді артамыз!