БАЛА ҰСТАЗҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ

 

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Мазмұны педагогикамен ұштасып жатқан бұл мерекенің парасатты азамат, саналы қоғам қалыптастырудағы маңызы зор.

Ұстаз – балалар құқығын қорғауға, жас буынның қарым-қабілетін шыңдауға бастайтын абыройлы кәсіп. Ілім-білімнің шырақшысы, ізгіліктің жаршысы, тәрбие мен өнегенің өзегі болған мұғалімдерді даярлау – ОҚМПУ атқаратын мәртебелі міндет.

ОҚМПУ түлектері бала тәрбиесімен байланысты барлық құрылымдарда – балабақшаларда, арнайы тәрбие және сауықтыру орындарында, орта мектептерде еңбек етеді. Бүгінгі мереке біз тәрбиелеген буынның шәкірттерінің мерекесі. Ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғап жатқан ұстаздарға алғысымды білдіре отырып, балалық дәуреннің балғын шағын қамтуға сіңіріп жатқан еңбектеріне табыстар тілеймін!

Ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болсын!