КӨКТЕМГІ СЕССИЯНЫҢ ТЕСТ ТАПСЫРУ ЕМТИХАНДАРЫ БАСТАЛДЫ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде көктемгі сессия кестесіне сәйкес білім алушылардан тестілік емтихан алу жұмыстары басталды.

2022-2023 оқу жылының көктемгі сессиясына арналған тестілік емтихандар Д-корпусының арнайы жабдықталған компьютерлік аудиторияларында ұйымдастырылып, өткізілуде. Тест тапсыру аудиторияларының сыйымдылығы бірінші қабатта 92 орын болса, екінші қабатта – 60 орынды құрайды. Мұнда күніне 1700-ден астам білім алушыдан тестілік емтихан қабылдауға мүмкіндік жасалған.

Студенттердің білім үлгерімін бақылауға университеттің академиялық істер департаменті, оқу процесін цифрлық және әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімі, тест орталығы, IT департаменті, техникалық және бағдарламалық қызмет көрсету бөлімі, тіркеу офисі, психологиялық қолдау орталығы, комплаенс-офицер жұмылдырылған.

Емтихан барысындағы ашықтық, академиялық адалдық қағидаларының сақталуын қамту мақсатында университеттің 16 оқытушы-профессорлық құрам өкілдерінен тұратын «Таза сессия» штабы құрылған. Оған қоса білім алушылар тарапынан әдеп талаптарының сақталуын, академиялық адалдық кодексінің орындалуын үйлестіруде әр факультеттен бес оқытушы-профессорлық құрамның өкілдері кіретін топтар құрылып, күнделікті бақылау жұмыстарын атқаруда. Штаб мүшелері мен топ өкілдері көктемгі сессияның аяқталу мерзімі – 27 маусымға дейін жұмыс жүргізетін болады.

Фото Жауынбек Абуов