ОҚМПУ – ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР МЕКЕНІ

 

Университетіміздің дене шынықтыру және спорт факультетінің студенттері кезекті мәрте әлемдік және республикалық жарыстарда мықтылар қатарынан көрінді.

Түркияның Стамбул қаласында «Turkish open» кикбокстен өткен Әлем кубогінде 14-02-12-18 тобының студенті Белесбек Сырымбек І-орынға лайық деп танылса, Алматыда өткен көру органдары зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI-шы жазғы паралимпиадалық ойындарында футболдан 14-02-12-11 тобының студенті Қуаныш Бексұлтан ІІІ-орынға ие болды.

Қос мақтанышымыз биыл 1-курсты осындай үздік нәтижелермен тәмамдағалы отыр. Алдағы жылдары да студенттеріміз табандылығының арқасында ОҚМПУ-дің абырой-беделін асырып, ішкі қуатымыздың берік екенін паш етеріне сенеміз.