ОҚМПУ САПА МЕН СЕНІМДІЛІК ҮШІН ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті өтіп жатқан бағдарламалық аккредитация биыл 6 білім беру бағдарламасын қамтып отыр. IQAA Білім беруде сапаны қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің сарапшылар тобы сыртқы аудит жұмыстарын атқаруда осы білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесстерінің тиімді ұйымдастырылуын бағамдауда.

Сыртқы аудит 7М01406 – кәсіптік оқыту педагогін даярлау, 7М01506 – география педагогін даярлау, 8D01501 – математика педагогін даярлау, 8D01503 – информатика педагогін даярлау, 8D01505 – биология педагогін даярлау, 8D01701 – қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау білім беру бағдарламаларын қамтып, белгіленген стандарттар мен критерийлерге сапалық тұрғыда сәйкестілігін зерделеуде.

Аккредиттеу оқу орнының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының сапа, сенімділік кепілдігі рөлін атқаруға, талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан сенімділікті қалыптастыруға, түлектер алған білімінің сәйкестілігін жұмыс берушілер тарапынан мойындалуын қадағалауға арналған.

Фото Береке Сейітжаппар