ОҚМПУ-да «Тарихтан тағылым» әлеуметтік жобасы іске асырылуда

Шымкент қаласы әкімдігі Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың бастамасымен 2023 жылдың 15-24 мамыр күндері Шымкент қаласындағы ЖОО-дары мен орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында «Тарихтан тағылым» тақырыбында әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Жоба аясында ұйымдастырылған тарихи дәрістерге қаламыздағы ЖОО-ның ғалымдары тартылды. Дәрістерде жастарға биылғы жылда еліміз көлемінде аталып отырған атаулы тарихи оқиғалардың маңызы, сабақтары және тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі, олардың отансүйгіштік қасиеттері таныстырылды.

Аталған жобаның қорытынды жиыны бүгін 2023 жылдың 23 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақстан» залында өтті. Жиналған қауымға ғалымдар арнайы тақырыптарда баяндамалар оқып, ОҚМПУ-нің жас ақындары жырдан шашу шашты. Іс-шараның қорытындысы бойынша аталған жобаға белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар мен заттай сыйлықтар тапсырылды. Жалпы аталған жобаның жастар үшін тәрбиелік маңызы ерекше болғаны қатысушылардың қарасының молдығы мен белсенділігінен де байқалды.