Хабарландыру

                                      

 

КОНКУРС!!!

 

ERASMUS+ бағдарламасы бойынша дәріс жүргізу, тәжірибе алмасу мақсатында оқытушылар мен қызметкерлерді Гази университетіне жіберу үшін келесі орындарға конкурс жариялаймыз!

1) Erasmus+ Staff Mobility for Teaching – 1 орын (Ағылшын тілі, Музыкалық білім, Дене шынықтыру және спорт кафедраларының оқытушылары үшін).

2) Erasmus+ Staff Mobility for Training – 1 орын (ОҚМПУ қызметкерлері үшін).

Бағдарлама мерзімі: 1 апта (5 күн + 2 күн жол жүруге).

ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ, БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!

Үміткерге қойылатын талаптар:

- ОҚМПУ қызметкері болу;

- ағылшын тілі / түрік тілі бойынша тілдік құзыреттіліктерге ие болу;

- Erasmus+ бағдарламасына бұрын қатыспаған болу.

 

Талап етілетін құжаттар тізімі:

1. ҚР азаматының паспорты (көшірме);

2. Резюме (CV, ағылшын тілінде);

3. Ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін растайтын сертификат;

4. Мотивациялық хат (ағылшын тілінде, 1 беттен артық емес);

5. Оқитын пән / тағылымдама бағдарламасы (5 күнге, жалпы 10-12 сағатқа арналған жоспар, ағылшын тілінде).

 

*Мотивациялық хатта:

1. Үміткер туралы қысқаша мәлімет, таңдаған бағыт бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі туралы ақпарат, бағдарламаға қатысудағы мақсаты, бағдарламадан күтетін нәтижелері жазылады.

2. Неліктен дәл осы шетелдік ЖОО-ға барғысы келетіндігін негіздейді.

 

*Мотивациялық хат бірінші жақта жазылады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 25.04.2023 дейін

*Құжаттар папкаға жинақталып, Интернационалдандыру офисіне қолма-қол тапсырылады.

Барлық сұрақтар бойынша: Интернационалдандыру офисі, «Е» корпусы, 307-каб.

ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ ОФИСІ