ОҚМПУ-де музей филиалы ашылады

2023 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева ынтымақтастық келісім шартына қол қойды. Алдағы уақытта университет қабырғасында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің филиалын ашу мәселесі егжей-тегжейлі қарастырылды.

Меморандум университет пен музей арасында әріптестік қатынастарды орнату және екі ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін бірлескен ғылыми- зерттеу және қолданбалы жобаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту мақсатында жасалды.

Келісім аясында археология саласында бірлескен ғылыми бағдарламалар мен жобалар жасалып, жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен ғылыми семинар, конференция, көрме, дөңгелек стол және тағы басқа іс-шаралар өткізілетін болады.

Бұдан өзге кітап, каталог, ғылыми мақалаларды жариялау, алмасу және тағы басқа жаңа әдістерді қолдана отырып, жәдігерлерді сақтау мен пайдаланудағы бірлескен жұмыстарды жүргізіледі деп күтілуде.

Салтанатты рәсімнен соң қонақтар университет басшылығымен бірге оқу ордасының ғимараттарын аралады. Материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттер аллеясына саяхат жасады.