Олимпиада жеңімпаздары ректорлық грантқа ие болды

2023 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мен Зерделі ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе ұйымдастырған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы өтті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті республикалық кезеңде жүлделі орынға ие болған оқушыларға университетте білім алу үшін 2 ректорлық грант берді.

№131 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Ернұр Жанысбай мен №79 мектеп оқушысы Нұрсұлтан Аязбек алдағы таңда ОҚМПУ-де білім алатын болады.