Түрік тілі курсының алғашқы легі сертификаттар алды

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлері мен білім алушыларына 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде түрік тілі курсы жүргізілген болатын.

Курстың бір кезеңін толық аяқтап, деңгей анықтау қорытынды емтиханынан сәтті өткен қатысушыларға сертификаттар берілді. Түрік тілі курсы көктемгі семестрде де өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінде 40-қа жуық оқытушы мен 80-нен астам білім алушы түрік тілін үйренуде.

Оқытушы: Түркия Республикасынан арнайы шақырылған маман Омер Оздемир.

ОҚМПУ Интернационалдандыру офисі