Германиялық білім беру жүйесі жайлы кездесу өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті тарих факультетінің студенттері «Болашақ» стипендиясының иегері, тарих ғылымдарының кандидаты Баршагүл Исабекпен кездесті. Ұлағатты ұстаз 2022 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауында жарияланған “500 ғалым жобасы” шеңберінде “Болашақ” бағдарламасымен Германия мемлекетіне “ Білім берудегі менеджмент” саласы бойынша INTAMT академиясында тағылымдамадан өтіп келді. Бұл академия Дюссельдорфта, Батыс Германиядағы Солтүстік Рейн-Вестфалия федеральдық жерінде орналасқан.

Баршагүл Исабек студенттерге Германиядағы педагогикалық жоғары оқу орындары, мектеп пен балабақшалары туралы айтып берді. Білім берудің европалық ерекшеліктері жөнінде әңгімеледі. Шәкірттерді үздік оқуға, танымын кеңейту және өзін ұдайы жетілдіруге шақырды. Бүгінгі таңда елімізде жастардың білім алуына барлық жағдай жасалғанын атап өткен Баршагүл Исабек студенттердің көптеген сауалдарына жауап берді.