Көп жылдық еңбегі үшін кәсіподақ мүшелері марапатталды

2023 жылғы 3 наурызда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық ұйымының төрағасы Лариса Тургинбаеваны қабылдады.

Лариса Владимировна көп жылдық еңбегі үшін университеттің кәсіподақ ұйымының мүшелеріне оның ішінде техникалық қызметкерлеріне П. Кедровқа және Г. Каражаеваға шипажайға жолдама табыстады.

Сонымен қатар Информатика кафедрасының аға оқытушысы Э. Адылбекованы “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” белгісімен және Ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы Т. Ибрагимованы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының “Құрмет грамотасымен” марапаттады.