Конкурс

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті факультет деканы, кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамының бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

Факультет деканының бос қызмет орнына: 

Тарих және педагогика факультетінің деканы – 1 бірлік.

Кафедра меңгерушісінің бос қызмет орнына: 

“Химия” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

“География” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

“Шетел тілдері” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

“Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік.

Ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD (философия докторы), профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына: 

 «Информатика» кафедрасы – 1 бірлік;

«Биология» кафедрасы – 3 бірлік; 

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы – 1 бірлік; 

«Ағылшын тілі» кафедрасы – 3 бірлік; 

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы – 1 бірлік; 

«Педагогика» кафедрасы – 2 бірлік. 

4.  Магистр және аға оқытушының бос қызмет орнына:  

“Математика” кафедрасы – 4 бірлік; 

«Информатика» кафедрасы – 4 бірлік;

“Биология” кафедрасы – 2 бірлік; 

“География” кафедрасы – 1 бірлік; 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы – 1 бірлік; 

“Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасы – 2 бірлік; 

«Шетел тілдері» кафедрасы – 5 бірлік; 

«Ағылшын тілі» кафедрасы – 10 бірлік; 

«Мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасы – 2 бірлік; 

«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы – 1 бірлік; 

“Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы – 1 бірлік;  

«Педагогика» кафедрасы – 1 бірлік; 

«Психология» кафедрасы – 1 бірлік; 

“Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасы – 3 бірлік; 

“Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру” кафедрасы – 1 бірлік; 

“Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі” кафедрасы – 7 бірлік. 

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі бар, білім беру ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.  

Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі не болмаса ғылыми атағы бар және білім беру ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

Доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.

Аға оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD (философия докторы) академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.

Оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.

          Мекен-жайымыз: 160012, Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі №13, 120- кабинет. Тел.: 30-14-59 (кадр қызметі).