ОҚМПУ "Kemel Bolashaq" қоғамдық қорымен келісімге қол қойды

      Бүгін 2023 жылғы 3 ақпанда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева "Kemel Bolashaq" қоғамдық қорының директоры Ренат Турниязовты қабылдады. Тараптар Қазақстан Республикасы үшін жоғары кәсіптік білімі бар білікті педагог кадрларды даярлау жөніндегі ынтымақтастыққа қол қойды.

         Бұл келісім бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алушылардың дарынды жастарын қолдауды жүзеге асыру үшін сындарлы және ұзақ мерзімді әріптестік байланыстарды дамытуға ықпал ететін жағдайлар жасалады. Және де университет студенттеріне "Mugalim" республикалық жобасында атаулы стипендиялар конкурстарына қатысуға мүмкіндік береді.

     Қос тарап талантты жастарды тартуға, өздерінің ресми сайттарында, әлеуметтік желілер беттерінде өз қызметтері туралы, сондай-ақ өткізілетін бірлескен бағдарламалар мен іс-шаралар туралы ақпаратты орналастыруға уағдаласты. Сонымен бірге білімгерлер үшін арнайы дәрістер ұйымдастырылатын болады. Бұл ынтымақтастықтың студенттерге берер пайдасы мол.