УНИВЕРСИТЕТТЕ «ҚЫСҚЫ МЕКТЕП» СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

2023 жылғы 27 қаңтар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту», «Қысқы мектеп-2023» оқу-әдістемелік семинары басталды.

Семинар бағдарламасына сәйкес бас ғимарат 236, 234-аудиторияларда және ZOOM арқылы баяндамашылар түрлі өзекті тақырыптарда баяндама жасады.

1-баяндаманы Академиялық істер департаментінің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Даулетбай Бердалиев «Бағалау саясаты: формалары мен жүйелері» тақырыбында жасады.

Осы тақырып аясында математика кафедрасының аға оқытушысы Егембергенова Маржан өз тәжірибесімен бөлісті. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау түрлеріне тоқталып, мысалдармен нақтылап, тыңдаушыларға құнды мәліметтер берді.

2-баяндаманы кәсіптік практика бөлімінің басшысы, PhD Коразбекова Карлығаш «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен дуальды оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында жасады, аталған тақырып аясында Куанышбаева Зауре, Тастанова Роза, Елжанова Гульфайруз, Усипбекова Айжан, Махмутова Кулсара өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіптік практикаға арналған тапсырмалар түрлерімен таныстырып, орындау жолдарын түсіндірді.

3-баяндаманы информатика кафедрасының меңгерушісі, тех.ғ.к. Лаура Сулейменова «Жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеу» тақырыбында онлайн курстардың видеолекцияларын әзірлеу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Видеолекция жасауға қойылатын талаптарға тоқталып, онлайн курс жасау ерекшеліктерімен таныстырды.

Онлайн курстардың ресурстарын дайындау және оны оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін атап өтті. Оқытушы профессорлар үшін білім берудің озық технологияларын қамтыған сапалы, құнды баяндама болды.

4-баяндаманы ОҚМПУ Академиялық мәселелер жөніндегі проректор, PhD Айнаш Кудышева «Нормативтiк құқықтық актiлердегі (НҚА) өзгерістер туралы» және «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау» тақырыптарында жасап, құнды мәліметтермен бөлісті. Ұсыныстар берді.

5-баяндаманы ОҚМПУ Академиялық істер департаментінің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Бердалиев Даулетбай «Академиялық адалдық саясаты» тақырыбында жасады. Баяндама барысында оқытушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап ала алды. Семинарға университет оқытушы-профессор құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.