«Денсаулық» спартакиадасының жабылу салтанаты өтті

2023 жылғы 26 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жыл сайын өтетін дәстүрлі факультетаралық «Денсаулық» спартакиадасының жабылу салтанаты өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту және спорт түрлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 5 факультеттен университет профессор-оқытушылар құрамы мен бөлім қызметкерлері қатысты. Ал дене шынықтыру және спорт факультеті төрешілік мансапта болды.

10 күнге созылған сайыста баскетбол, волейбол, стол теннисі және шахмат ойыны бойынша бақ сынаған қатысушылар мен жеңімпаздарды университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева құттықтады. Белсенді ойыншылар жүлделі сыйлықтармен марапатталды. Жарқын сәттердің куәсі болған көрермендердің қошаметіне бөленді.

Ақтық мәре ойыны волейболдан 1-орынды ректорат ұжымы жеңіп алса, 2-орынға филология факультеті, 3-орынға физика-математика факультетінің спортшылары тұрақтады.

Құттықтаймыз!