Ардагер ұстаздар сенбілікке шықты

Бүгін ОҚМПУ-дың ардагер ұстаздары тазалық қызметкерлеріне көмекке келді. Олар қолдарына күрек алып, оқу ордасының автотұрағын қар мен мұздан аршуға қолғабыс етті.

Зейнеткерлер: "таза ауадағы мұндай дене еңбегі қимылымызды ширатып, саулығымызды жақсартады. Оның үстіне бұл іс-әрекетімізбен студенттерге өнеге боламыз. Қазіргі жастардың күн бойына смартфонға телміріп отырғаннан гөрі қыстың саф ауасымен тыныстап, еңбек еткені пайдалырақ" дейді.

Оңтүстік жұртшылығы үшін биыл күтпеген қыс болды. Тәуліктен астам уақыт тоқтаусыз жауған қар тізеге жетсе, онан кейінгі аязды күндер төңіректі мұз құрсандырды.

Бүгінгі қар тазалау ісіне И. Сманов, М. Темірханов, Н.Рамашов, А.Тұрашбеков, Р. Ибрагимов,. Ж. Қырғызбаев, К. Қойшиев, А. Алдияров, К. Айдарбеков, Қ. Найманбаевтай ардагерлеріміз бел жазбай көмектесті. Оларға кәсіподақ ұйымы төрағасы Мәди Беспаев пен фотограф Қасым Шойынбаев та қолғабыс етті.